{metadescription}
Мектептерде оқу жылының жаңа форматы бекітілді
Мектептерде оқу жылының жаңа форматы бекітілді

Мектептерде оқу жылының жаңа форматы бекітілді

Соңғы қоңырау маусымда соғылады. Оқу-ағарту министрлігі мектептерге арнап жаңа оқу жылының форматын бекітті – каникул екі аптаға қысқартылған. Яғни 1-маусымнан 1-қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұрын бірінші сынып оқушылары 33 апта оқыса, енді жаңа оқу жылынан бастап 35 аптаға дейін ұзартылған. Ал екінші және он бірінші сыныптар 33 аптаның орнына 36 апта оқиды.

Осыған сәйкес оқу жылы ішіндегі каникулдарға да өзгерістер енгізілген. Мектеп оқушылары енді күзде жеті күн, қыста тоғыз, көктемде тоғыз күн демалады.

Мектептегі оқу жылын ұзарту мәселесі біраздан бері көтеріліп жүрген. Бұған дейін оқу-ағарту министрлігі «Ашық» нормативтік-құқықтық актілердің порталында арнайы сауалнама да жариялаған. Онда ата-аналардың басым бөлігі оқу жылының ұзартылуына қарсы болған. Десе де министрлік оқу жылын ұзарту күнделікті сабақ санын азайтуға, күрделі тақырыптарды зерттеуге мүмкіндік береді деп, оқу маусымын екі аптаға ұзартуды шешіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде