Ақтөбедегі медуниверсиет түлектері резидентураның жаңа талабына қарсы
Ақтөбедегі медициналық универсиеттің биылғы түлектері резидентураға қабылдаудың жаңа талаптарына қарсы. Мемлекеттік грант бөлінер кезде тек тест қортындысына ғана емес, талапкердің еңбек өтіліне де қосымша балл қосылатын болған. Осылайша интерн-түлектер тегін білім алудан қағыламыз деп қорқады.
Автор: Жаңалық Ахаш
15.08.2022
Әсем Уасысова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Тесттен жоғары нәтиже көрсетсек те, қортынды балл 91-ден, 92-ден жоғары болсақ та, мемлекеттік грантқа өтпей тұрмыз. Еш жерде, Нұр-Сұлтанда да, Алматыда да медициналық университетерде ондай жоқ. Тек бізде ғана сондай болып жатыр.
Ақтөбедегі медициналық унверситеттің резендентурасына түсуге 500-ден астам адам құжат тапсырған. Арасында жұмыс істеп жүрген дәрігерлер де бар. Профессор, доценттер құрамы маман тапшылығын жою үшін тәжірбиесі бар мамандарға еңбек өтілінің әр жылына 7 баллдан қосуды жөн деп шешіпті. Интерндерден гөрі соларға басымдық бергенін жасырмайды. Медициналық жоғары оқу орнының басқарма мүшелері мен оқытушылар құрамы бірлесе грант бөлу талаптарын өзгертуге құқығы бар екен. Ал университетті жаңа бітірген түлектер тым блмаса, аудандық ауруханаларда екі-үш жыл жұмыс істесе дейді.
Роза Нұрғалиева, М.Оспанов атындағы БҚМУ деканы:
- Мемлекеттік грантпен жеті жыл оқыған түлектеріміз интернатурадан кейін үш жыл еңбек етуі керек. Квотамен оқығандар ауылда жұмыс істеуге міндетті. Бірақ ешқайсысының аудандық ауруханада жұмыс істегісі жоқ. Профессор, доценттер сондықтан емдеудің не екенін, науқаспен қалай жұмыс істеуді білетін дәрігерлерді резидентураға келгенін қалайды. Былтыр интернатурадан кейін резидентураға оқуға түскен 11 түлегіміз оқудан шығып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!