Есірткі саудасы: Соңғы екі жарым айда 600-ден астам қылмыс тіркелген
Елде есірткі саудасы өршіп тұр. Соңғы екі жарым айдың өзінде 600-ден астам қылмыс тіркелген. Оның ішінде 300-ге жуық сату, 76 сақтау, 167 құрамында есірткісі бар өсімдік өсіру дерегі анықталған. Мысалы, полицейлержүргізген «Қарасора» арнайы операциясында биіктігі төрт метрге дейін жететін үнді марихуанасын өсіргендерді ұстаған.
Автор: Елдос Есенбол
15.08.2022
Полицейлер көбінесе мұндай жағдайлар елдің оңтүстік аймақтарындағы шалғай елдімекендерде анықталады деп отыр. Есірткі өсіргіштер алқап басына күрке орнатып, сонда күзетеді.
Ішкі істер министрлігінің ақпаратын сәйкес, жыл басынан бері 1491 қылмыс тіркеліп, 4 жарым тоннадан астам ескірткі зат тәркіленген.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында 26 есірткі зертханасы жойылған. Ал әлеуметтік желіде жылтырақ жарнамасы көп синтетикалық есірткіге қатысты 800-дей қылмыс тіркеліпті.
Данияр Оралов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі:
- Жыл басынан бері есірткі заңдарын заңсыз жарнамалау немесе насихаттау бойынша 76 сотқа дейінгі іс тіркелген. Оларды интернет арқылы өткізде 153 қылмыстық іс тіркеліп отыр. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторингта есірткі мен психотроптық заттардың таралуына қатысы бар 1600-ден астам веб-сайттар, аккаунттар және басқа да ресурстар анықталып, бұғатталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!