Елордада жас жігітті аяусыз ұрып, телефонын тартып тартып ұсталды
Аяусыз соққыға жығып, телефонын тартып әкеткен. Елордада жас жігітке қол жұмсаған күдіктілер ұсталды. Оқиға қаланың ескі теміржол вокзалының маңында болған.
Автор: Елдос Есенбол
15.08.2022
Бақылау камерасының жазбасынан белгілі болғандай, белгісіз екеу жас жігітке келіп темекі тұтатуын сұрайды. Ол бейтаныстардың өтінішін орындамақ болып еңкейе бергенде азаматардың бірі бірнеше жерінен қатты соққан. Есеңгіреген жігіттің ұялы телефонын тартып алып, тепкілеп, оқиға орнынан із суытып үлгерген. Бірақ қашқындардың «жорығы» ұзаққа созылмады. Қазір оларға қатысты «Тонау» бабымен қылмыстық іс қозғалып, елорда маңындағы осы тектес қылмыстарға қатысы бары анықталып жатыр.
Эльмира Шәуленова, Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Жедел іздестіру ісшарасында 26 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!