{metadescription}
Застанционный тұрғындары суағарсыз қалдық деп шулап отыр – Көкшетау
Застанционный тұрғындары суағарсыз қалдық деп шулап отыр – Көкшетау

Застанционный тұрғындары суағарсыз қалдық деп шулап отыр – Көкшетау

Көкшетау қаласына қарасты Застанционный кентінің тұрғындары суағарсыз қалдық деп айғайға басты. Оларға ескертпестен, көшедегі құбырларды кесіп әкете бастағанда бір- ақ көрген. Сусыз қалдық деп шулап, талай құзырлы орындарға шағым түсіргенімен, мәселе шешілмеген. 

Шенділер суды өз қаражатын үйге кіргізіп алуға кеңес беріпті. Алайда тұрғындардың басым бөлігі көпбалалы, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектер, жалғыз басты зейнеткерлер. 300-350 мың теңгеге үге су тарқызуға шамамыз жоқ деп отыр.

Тоғыз мыңнан аса тұрғыны бар Застанционный кенті төрт суағарға қарап қалған. Оның өзін жабылып күзетіп жүр. Айтуларынша, су арнасындағылар құбырды ағытып алып кетпекші болған, бірақ айқай-шумен бермепті.

Кентте 40 жыл болған 20 суағар ғана қалған. Оның өзі шұры-тесік, су айдалаға кетіп жатыр. Суды елдің бір шетінен екінші шетіне тасу қарияларға қияметке айналған. Жаздың аптбында қаталап әбден ашынған тұрғындар қатты ашулы. Жиылып көшеге шығып шенеуніктерді шақырған. Халықтың мұңын тыңдауға әкім неге келмеді деп жұлқынды.

Людмила Егунина, Застанционный кентінің тұрғыны:

Бұл барып тұрған бассыздық! Адам сияқты ескертіп, тұрғындармен кездесіп, қол қойғызып, келісімін алмай ма? Бумабума ескерту қағазын әкеліп біреудің үйіне тастап кеткен. Келіскен күннің өзінде барлық тұрғынның  үйіне су тартып алуға жағдайы жоқ. Бізде көпбалалы отбасылар, қарттар мен мүгедектер көп. Соларды неге ойламайды?

Әй-шәй жоқ, суағарларды бір күнде жұлып-жұлып алып кетті. Қалған 3-4-ін өзіміз шу шығарып бермей отырмыз, - дейді тұрғындар. Қала іргесінде тұрғандықтан мал ұстайтындарға да қиын болып қалған. Бұл елдімекенде су магистралі ескі.Сондықтан әрбір үйге су кіргізу үшін суағар құдығына жалғануы керек. Әр метрін есептегенде бұған қомақты қаражат керек. Сондықтан  бүгінгі айқайды естіп жеткен кәсіпорын директорын жұрт жағасынан ала жаздады.

Ермек Өмірғалиев, «Көкшетау су арнасы»МКК бас директоры:

Бұл бір күннің ісі емес. Тұрғындардың қарызы 11 жарым миллион теңге. Рұқсат қағаз екі ай бұрын таратылды. Бумабума қылып әкеп, шашып тастады дегендері бекер. Қазір 100 отбасы техникалық құжат та алды. Суағар дегеніңіз қып қызыл шығын. Қыста қатып қалады. Оның үстіне суды үнемдемейді. Әзірге түсіністіпен үш суағарды қайтаратын болдық.

Бірақ бұл да уақытша қиындықтан шығар жол. Суағарлар алынып, 21-ғасырда ауыз су әр үйде ағып тұруы қажет-дейді кәсіпорын басшысы. Ал тұрғындар шамасы жеткенше барымызды бермейміз деп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.