Теміртаулық кәсіпкер шеберханасына жұмысшылар іздейді
Теміртау қаласының тұрғыны өзінің етік жөндейтін шеберханасына жұмысшылар іздейді. Бір аяғы жоқ шебер мүмкіндігі шектеулі жандарды осы кәсіпке баулымақ. Бірақ талабы да күшті. Үміткер тәрбиелі, алғыр, ең бастысы, ішімдіктен аулақ болуы шарт.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
15.08.2022
Осыған сай болса, тұрақты жалақы мен ұйымшыл ұжым оны қош көретініне кепілдік беріп отыр. Метталургтер қаласындағы белгілі етікші кім?
29 жастағы Виталий Саврейді Теміртауда көбі таниды. Аяқ киім мен сөмке жөндетуге оған көршілес қала мен ауылдардан ағылатындар жетерлік. Сондықтан кейінгі жылдары шеберхананы жарнамалауды да қойған. Клиенттер көп. Тапсырыстарды дер кезінде орындауға көмекшілер іздей бастаған. Бірақ бір орында тапжылмай отыруға және қатаң талапқа шыдағандар шықпай тұр.
Виталий Саврей:
- Басты проблема – ішімдік. Осыдан кейін еркінсіп тіл алмай, дауыс көтеру сияқты жайттар болады. Уақытында жұмысқа шықпайды. Мүгедектігі үшін алатын жәрдемақысына сенеді де, жұмысқа аса ынта білдірмейді.
Виталийдің өз ермегі бар. Кәсіби түрде байдаркамен айналысады. Отын дайындайтын да өнері бар. Қай іспен айналысса да, айналасын өз ебіне қарай ыңғайлап алған. Аяғынан өндірісте жұмыс істеп жүргенде айырылыпты. Тасымалдау лентасына тартылып кеткен, дегенмен өзінің аман қалғанына шүкір дейді. Сондықтан өмірге барынша құштар.
Етікшілік өнерін тегін бағдарлама арқылы үйренген, шеберхана құрылғыларын арнайы қор алып берген. Біліктілігі артып, енді мекемені кеңейтуді жоспарлайды. Шеберхананың атауы «Ішпейтін етікші». Атына заты сай болған соң, көңілі толған клиенттер де аз емес.
Наталья Зайцева:
- Жақсы, сапалы жөндейді. Ең бастысы, уақытынан кешіктірмейді. Бұл кісіге алысжақыннан келетіндер көп. Шеберхана түрғындардың көбі білетін орынға айналды. Қайық есумен де айналысады. Отын дайындайды. Әйтеуір бос жүргенін көрмейсіз.
Қазір Виталий Саврейөзін мүмкіндігішектеулі жандар мен жетімдерді өмір сүріп, кәсіп меңгеруге ынталандыратын коуч бапкер ретінде де көрсетіп жүр. Бағдарламасы да қарапайым: еңбек - бәрін жеңбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!