{metadescription}
Қаңтар оқиғасында мерт болғандардың толық тізімі жарияланды
Қаңтар оқиғасында мерт болғандардың толық тізімі жарияланды

Қаңтар оқиғасында мерт болғандардың толық тізімі жарияланды

Бас прокуратура Қаңтар оқиғасында мерт болғандардың толық тізімін жариялады. Ел басына қара бұлт үйірілген қасіретті күндері 238 адам мерт болған.  Арасында қылмыскер де, жазықсыз өлген тұрғын да бар.

Мәселен, Алматы қаласы, Жамбыл, Қызылорда мен Алматы облысында күш құрылымдарының 19 қызметкері қоғамдық тәртіпті сақтау жолында қаза тапқан. Бірін техникамен таптап өтсе, екіншісін атып өлтірген.

Тізімдегі 238 марқұмның 92-сі Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент пен Атырау қаласындағы әкімдік, полиция ғимараты, телемұнара, президент резиденциясы, дүкендерге болған шабуыл кезінде көз жұмыпты.

Қылмысқа барғандардың сол күндері үйлердің ауласына тығылып, күтпеген жерден қарудан оқ атып, тап бергенін де тергеу барысы көрсетті. Бірнеше азамат бизнес нысандарын тонауға келгенде басбұзарлардың қолынан қаза тапқан.

Сондай-ақ жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деп күдікке ілінген 6 адамның тергеу кезінде қызметкерлердің қысымынан өлгені де белгілі болды. Қазір 15 қызметкер күдікті деп танылып, тексеру әлі жүріп жатыр. Толық тізім Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланды.  

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет бастығының орынбасары:

- Біз әрбір фактіні жанжақты қараудамыз. Бүгінгі күні біз 176 адамның қаза болу мән-жайын анықтадық және тергеу жалғасуда.  Куә болуы мүмкін 10 мыңнан астам азаматтан жауап алынды. Сонымен бірге қылмыстық іс шеңберінде мыңдаған күрделі сот сараптамалары жүргізілді. Бұл процестің қиындығы және тергеудің ауқымдығын ескере отырып, қалған адамдардың қаза болу мәнжайын және олардың өліміне кінәлі адамдарды анықтау жүргізіліп, тергеп-тексеру аясында жүргізілуде.  

Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Алматыдағы президент резиденциясынан 130 қару ұрланғанын айтты. Оның ішінде 21 гранатомет болған.

Ал құқық қорғау органдары ғимараттарына жасалған шабуылдың салдарынан 1259 қызметтік қару ұрланған. Мәселен, Алматы облысының полиция департаментінің ғимаратынан 53 пулемет, 367 тапанша, 23 мыңнан аса оқ-дәрі ұрланған. Бүгінге дейін тек 481 қару табылған. Бұл жалпы ұрланған қару-жарақтың үштен бірі ғана. Бас прокуратура қалғаны әлі күнге дейін қылмыскерлердің қолында деп топшылайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.