{metadescription}
Төтенше жағдай: Теміртауда көпқабатты үйде газ жарылды
Төтенше жағдай: Теміртауда көпқабатты үйде газ жарылды

Төтенше жағдай: Теміртауда көпқабатты үйде газ жарылды

Теміртауда төтенше жағдай жарияланды. Онда бүгін түскі уақытта көпқабатты үйде газ жарылды. Соның салдарынан подьездегі 4 пәтердің күл-талқаны шығып, тағы 16 баспанаға айтарлықтай зақым келген. Төрт адам зардап шеккен.

Жарылыстың күштілігінен көршілес көбқатты үйдің терезелері сыныпты. Апат болған 80 пәтерлі үйдің тұрғындары эвакуцияланып, оқиға орнында құтқарушылар мен арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. 

Орталық газ жүйесіне қосылған үйдегі жарылыс түскі сағат 12 шамасында үшінші қабаттағы бір пәтерде болған. Жарылыстан төрт пәтердің күл-талқаны шығыпты. Құтқаруышылар үйінді арасынан төрт адамды алып шыққан. Оның үшеуі жеңіл жарақат алса, біреуінің аяғы мен бас сүйегі сынып ауруханаға жатқызылды.

Мұрат Қатпанов Қарағанды облысы ТЖД бастығы:

№30 пәтер, ең қатты зақым келген сол пәтер. Жарылыс болған үшінші қабаттағы пәтер мен екінші қабаттағы пәтердің, одан кейін 3 пен 4-тің арасындағы төбе құлаған. Сынған заттар бірінші қабаттың үстінде жатыр. Салдары қатты, сондықтан бұл үйдің екінші подьезінде тұруға болмайды деп есептеймін.

Қайрат Бегімов, Теміртау қаласының әкімі:

Менің қаулыммен төтенше жағдай жарияланды. Қаулыға қол қойдым. Бұл нені білдіреді? Бұл үйдің бюджет есебінен қалпына келтірілетінін білдіреді.

Жарылыс күшінен пәтелерден шашыраған дүние- мүліктің сынығы апат ошағынан 30 метр жердегі көрші үйге дейін жеткен. Ондағы бес пәтердің терезесін қиратыпты. Киім-кешек атаулы да ағаштың бұтақтарына ілініп қалған.  

Үйдің артқы жағындағы көрініс: бесінші қабатқа дейінгі пәтерлердің бәрі қираған. Дүние-мүлкі далада шашылып жатыр. Тіпті бір пәтердің ағаш едені де далаға шашылған.  

Жарылыс болған подьездің тұрғындары аулада жамырап, өз-өзіне келе алмай жүр. Дүмпуден үй көтеріліп түскендей болды дейді.

Ольга Васильева, Теміртау қаласының тұрғыны:

Бесінші қабатта тұрамын. Ұшып түстім. Бірден қабырғалар қақырай бастады. Бір қабат киіммен есікке жүгірдім. Шықсам, үш кішкентай баласы бар көрші келіншектің пәтерінің есігі ашылмай қарысып қалыпты. Мен сыртынан тартып, ол ішінен итеріп, әйтеуір аштық та, далаға қаштық.

Апатты подьездегі 16 пәтердің тұрғындары бүгін туған-туыстарын паналайтын болды. Қалғаны қонақүйге орналастырылмақ. Ертең тұрғындардың барлығын уақытша баспанаға бөлеміз дейді жергілікті билік. Ал подьезді жөндеу немесе бұзу керектігін арнайы комиссия шешеді. Бұзылып жатса, тұрғындарға басыбайлы баспана беру меселесі қаралады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде