Дизель дифференциал тарифпен сатылатын болды
Дизель алдағы сенбіден бастап дифференциал тарифпен сатылатын болды. Үкімет басшысы бүгін энергетика министріне осындай тапсырма берді. Сұйық отын тапшылығымен Үкімет енді осылай күресіп көрмек.
Автор: Елдос Есенбол
16.08.2022
Өйткені елде қазір дизель таппай сандалып жүрген шаруалар көп. Әрі мұндай жағдай жыл сайын, тура орақ науқанының алдында басталады.
Министр Болат Ақшолақовтың жауабы бұған әзір: 20-тамыздан бастап жанармайдың бұл түрі сараланған бағамен сатыла бастамақ. Оның өз талаптары бар. Мысалы, азаматтың өзімен бірге жүргізуші куәлігі болса, күніне 100 литрге дейін дизель сатып ала алады. Бағасы шамамен 230-260 теңге аралығында.
Ал жүк көлігін тізгіндегендерге жүргізуші куәлігі мен техникалық құжатын көрсеткен жағдайда тәулігіне 300 литрге дейін алуға рұқсат. Белгіленген мөлшерден көп алығысы келетіндерге баға басқа – шамамен литрі 450 теңге. Бірінші кезекте дизелді ауыл шаруалығы өнімдерін өндірушілер мен жанармай бекеттері алады. Содан кейін өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Қазақстан темір жолы қол жеткізеді. Ал күзгі дала жұмыстарын жүргізушілерге арнайы баға белгіленеді.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
- Күзгі дала жұмысын жүргізуге, ауыл шаруашлығы тауарын өндірушілерге белгіленген баға – тоннасына 222 мың теңге. Бұл литріне 184 теңгені құрайды. Бұл көлемінде негізгі жеткізушілер: «Қазмұнайгаз», Petrosun. «Қазмұнайгаз» жеке инвесторлардың орнына », Petrosun-ға қатысушылар құрамына кіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!