{metadescription}
Полицейлер шетелдік көліктерді заңсыз есепке қойып келген 
Полицейлер шетелдік көліктерді заңсыз есепке қойып келген 

Полицейлер шетелдік көліктерді заңсыз есепке қойып келген 

Ақшалай сыйақы алып, заңсыз көлік тіркеген. Елордада шетелден әкелінген темір тұлпарларды бармақ басты, көз қыстымен отандық есепке қойып келгендер ұсталды. Заң бұзушылар өзге емес, полицейлердің өздері.

Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен ауыз жаласқан тәртіп сақшылары шетелден кіргізілген көліктерді заңсыз тіркеп келген. Яғни көлік иелері кәдеге жарату төлемін және басқа да бюджетке түсуге тиіс ақшаны төлемей, бірден көлігін рәсімдепті. Әрине, тегін емес. Ал ауызбастырыққа әбден малданған сыбайластар заңсыз әрекеттерін жүйелі түрде әрі ұзақ уақыттан бері жалғастырып келген. Әзірге күдіктілердің 500-ге жуық дерегі әшкереленді. Қазір өзге де өңірлердегі полиция мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің осы іске қатысы бар-жоғы тергеліп жатыр.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі:

- Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін мемлекеттік тіркеуден өткен көлік құралдарын тіркеу кезінде заңсыз баюдың қылмыстық схемасын әшкерелеп, жолын кесті. 14-тамызда тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.