{metadescription}
Жемқорлықпен 7 жылға сотталған әкім ақталып шықты
Жемқорлықпен 7 жылға сотталған әкім ақталып шықты

Жемқорлықпен 7 жылға сотталған әкім ақталып шықты

Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары ақталып шықты. Жангелді Әубәкіров қазына ақшасын жымқырды деп айыпталып, былтыр жеті жылға сотталған. Бірақ бір жыл өткенде Жоғарғы сот істі кері қайтарып, апелляциялық сот оны сүттен ақ, судан таза деп таныған.

Шаһар басшысының экс-орынбасарымен бірге төрт адам сотталған болатын. Арасында қаланың коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Досов та бар. Тергеушілер оларға Ақтөбені жаңа жыл қарсаңында безендіруге бөлінген 90 миллион теңгені өзара бөлісіп алды деп айып тақты. Сондай-ақ бюджет ақшасына әкім орынбасары Лексус көлігі мен былғары кресло сатып алды деп сотта мәлімдеген. Алғашқы сатыда оларды жеті жылға бас бостандығынан айырса, облыс соты үкімді жеңілдетіп, еркіндігін шектеген-ді. Ал Жоғарғы сот еш жазығы жоқ деп, шенеуніктерге қатысты істі кері қайтарды. Енді ақталып шыққандар заңсыз қудаланғаны үшін мемлекеттен өтемақы талап ете алады.

Гүлжанар Отарбаева, Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы:

Сотқа дейінгі тергептексеру органдарымен Әубәкіров, Досов, Дүйсенбі, Жанасбаев және Мустафинге қатысты жеткілікті дәлелдемелер ұсынбағандықтан, сот сотталушыларды кінәсіз деп танып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысының дәлелденбегі үшін ақтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде