Халықтың 83 пайызы онлайн төлем жасайтын болған
Елде қолма-қол ақша ұстайтындар саны едәуір азайған. Қазір тұрғындардың 83 пайызы онлайн төлем жасағанды жөн көреді екен.
Автор: Елдос Есенбол
16.08.2022
Ұлттық банктің есебінше, соңғы жарты жылда қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы құны 44,4 триллион теңгеге дейін жеткен – алты ай ішінде 48 пайызға бір-ақ көтеріліпті. Онлайн төлем үлесін одан әрі арттыру үшін бас банк «Цифрлық теңге» жобасымен жұмысын жалғастырмақ.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы активтеріне де тоқталды. Өткен айдың қорытындысы бойынша жыл басынан бері ол шамамен 5 пайызға көбейіп, 14 триллион теңгеге жуықтап қалған.
Ақылжан Баймағамбетов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
- Цифрлық қаржы инфрақұрылымын құру және цифрлық қаржы сервистерінің экожүйесін одан әрі дамыту мақсатында осы жылдың шілде айында Open API және Open Banking концепцияларын дамыту бойынша баяндама жарияланды. Сондай-ақ "Цифрлық теңге"жобасы бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!