Елімізде бір тәулікте 1104 адам короновирус жұқтырған
Қауіпті індет қайта дендеп барады. Өткен тәуліктің өзінде 1104 отандасымыз короновирус жұқтырған. Бұл алдынғы күнмен салыстырғанда 315 адамға көп.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
17.08.2022
Көшті әдеттегідей Нұр-Сұлтан қаласы бастап тұр. Бір күнде мұнда 236 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен.
Көршілес Қарағанды облысында 137 адам кесел жұқтырса, Батыс Қазақстан облысында 105 адамның қанынан вирус анықталыпты.
Әдетте індеттің таралуы бойынша антирейтингтің басында тұратын Алматы қаласы мен өзге өңірлерде кесел жұқтырғандардың саны 100-ге жетпейді.
Қазір елімізде 22 мыңға жуық отандасымыз короновирустан емделуде. Мыңнан астам науқас ауруханада жатыр. Жалпы пандемия басталғалы COVID-19 бен 1миллион 379 мың қазақстандық ауырған. Олардың 95 пайызы жазылып шыққан. Қазір барлық аймақ бағалау матрицасының «жасыл» деңгейінде тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!