ШҚО-да «Арт спорт» бағдарламасына қаржы бөлінбей қарызға батқан
Шығыс Қазақстан облысында тегін спорт секциялары мен үйірмелер жабылу алдында тұр. Өйткені «АртСпорт» бағдарламасына қаржы бөлінбеген. Ал шығынға батқан орталықтардың жетекшілері Өскеменде жиналып наразылық білдірді.
Автор: Ұлан Нұрахмет
17.08.2022
Қуаныш Есенгелді, кәсіпкер:
- Мамыр айынан бастап 3 миллион теңге қарызға ұшырап жатырмыз. Несие алуға мәжбүрміз. Одан қалса біреуден қарызға аламыз. Өйткені мұғалімдердің ақшасын төлеу керек. Сондықтан несие алдық. Оның пайыздарын кім қайтарып береді?
Түрлі үйірме ашып кәсіп бастағандар енді шығынын ақтай алмай жатыр. Өйткені «Арт спорт» бағдарламасына мемлекет тарапынан қолдау азайған. Тіпті кейбір орталық жалдаған бапкерлердің ақысын төлей алмай отыр. Оның үстіне айына бір балаға төленетін ақша да екі есеге қысқарыпты. Осылай деп шулаған орталық жетекшілерін жергілікті Мәслихат мүшелері сабырға шақырды. Олардың айтуынша, бағдарлама толық әзірленбеген. Дегенмен бапкерлердің арыз-шағыын Облыстық мәслихат сессиясында талқылауға уәде берді.
Денис Рыпаков, ШҚО мәслихатының хатшысы:
- Дүйсенбі күні, 22-тамызда 2022-24 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтыру енгізу мәселесі қаралады. Біз бұл мәселені қарастырамыз. Кезеңкезеңмен, уәде бергеніміздей, есеп айырысу керек. Сондықтан барлық қарызды біртіндеп жабамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!