{metadescription}
Ақтөбеде мембағдарламамен үй алғандар 3 жыл бойы далада жүр
Ақтөбеде мембағдарламамен үй алғандар 3 жыл бойы далада жүр

Ақтөбеде мембағдарламамен үй алғандар 3 жыл бойы далада жүр

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алғандар үш жылдан бері жаңа қонысына кіре алмай жүр. Құрылыс компаниясы үйдің сыртын бүтіндегенімен, ішкі жұмыстарын бітірмепті.

Подъездерге қара құлып ілінгелі бірнеше жыл бойы құрылысшылар мұнда жоламаған. Әкімдіктегілер құрылысты аяқтауға ақша жетпей қалғанын айтады. Енді бюджеттен қосымша қаржы сұрап отыр. Сарыла күткен пәтеріне жұрт қашан қоныстана алды? 

Ақтөбедегі елу пәтерлі небәрі үш қабаттты үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Құрылысы 2019 жылы бітіуге тиіс болған. Бірақ осы үйден пәтер алған тұрғындар үш жылдан бері баспанасына кіре алмай сандалып жүр.

Төрт подъездің есігіне қара құлып салынғалы да бірнеше жыл болыпты. Қарауылдап отырған күзетшіден басқа ешкім жоқ. Құрылысшылар да үш жыл бойы төбе көрсетпеген. «Нұрлы жер» бағдарламасының игілігін көреміз деген тұрғындар ара-тұра үй сыртынан келіп қарап кетеді. Баспанасының  табалдырыған аттап жаңа қонысына кіретін күнді күтуден шаршаған.      

Шаңдыбай Сәдуов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Үш жыл болды осы үйді күткенімізге. Жылда мерекеде береміз дейді. Әкімдер мүлдем жұмыс істемейді. Халық далада жүр, жетім балалар құсап шұбырып. Халықтың жағдайын кім ойлайды?

Жанат Төрахметова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Сұрағымыз: осы үйді қашан береді? Қай уақытта қолданысқа беріледі? Қаншама тұрғын жалдамалы пәтерде тұрып жатырмыз, шиеттей балашағамызбен.

Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің құрылысын қадағалауға жергілікті әкімдік жауапты. Бірақ ондағылардың өзі нақты қашан қолданысқа берілетінін білмейді. Мердігер компания құрылыс материалы қымбаттап кеткенін айтып, жұмысты аяқтамай қойған.

Бауыржан Жантөрин, Ақтөбе қаласы құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Бәрі қаржыға келіп тіреледі. Қазір жобалаушы компанияларды тартып, сараптама жүргізіп, құрылыс жұмысын тексеріп жатырмыз. Қанша ақша жетпей тұрғанын анықтаймыз. Дегенмен тұрғын үйдегі құрылыстың 95 пайызы дайын.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған бұл үйдің енді ішіндегі есік-терезесін бүтіндеп, су құбырларын реттеу керек. Бюджеттен осы күнге дейін жарты миллиардтан астам ақша бөлініпті. Енді тағы қанша қаржы сұрайтыны белгісіз. Сондықтан тұрғындардың шыдаудан басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде