{metadescription}
Ковид-19: Бес науқастың жағдайы өте ауыр
Ковид-19: Бес науқастың жағдайы өте ауыр

Ковид-19: Бес науқастың жағдайы өте ауыр

Қауіпті кеселдің беті қайтар емес. Соңғы тәулікте індет 1169 адамнан анықталған. Қазір короновирус жұқтырып, ауруханада жатқан  бес науқастың жағдайы өте ауыр. Тағы бес адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Нұр-Сұлтан қаласында кеселдің құрсауына түскендердің саны алдыңғы күнмен салыстырғанда біршама азайғанымен, ауру жұқтырғандар саны бойынша алдыда. Өткен тәулікте мұнда 210 жаңа науқас тіркелген.

Қарағанды мен Батыс Қазақстан облысы да екінші күн қатарынан елордадан қалыс қалмай келеді. Екі өңірде де індеттің ілмегіне 100ден астам адам ілінген.

Алматы қаласында 95 науқас тіркеліпті. Короновирус инфекциясы ең аз таралған аймақ – Түркістан облысы. Мұнда жеті адамның қанынан вирус табылған.

Осылайша, елімізде кесел жұқтырғандар саны 1 миллион 380мыңнан асып жығылды. Ресми мәлімет бойынша қазір елімізде короновирустан 22 мыңға жуық науқас ем-дом алып жатыр. Оның 994-і аурухана төсегіне таңылған. Дегенмен өткен тәулікте 1227 науқас аурудан толық емделіп шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.