{metadescription}
«Нұрлы жол»: Елордада жаңа баспанасына кіре алмай жүргендер ипотека төлей бастаған
«Нұрлы жол»: Елордада жаңа баспанасына кіре алмай жүргендер ипотека төлей бастаған

«Нұрлы жол»: Елордада жаңа баспанасына кіре алмай жүргендер ипотека төлей бастаған

Елордада бір топ тұрғын өз үйіне кіре алмай жүр. Мемлекеттік бағдарламамен баспана алған олар пәтер кілті қолымызға тимей отыр деп қапалы. Әкімдік сырғытпа жауаппен жарты жыл жүрген. Қоныс тойын тойлаймыз деген азаматтардың көңілі су сепкендей басылған. Бір қызығы, кілті қолына тимеген баспанаға ипотека несиесін төлей бастаған.

Бұл азаматтар жарты жылдан бері өз үйіне кіре алмай жүр. «Нұрлы жер» бағдарламасымен пәтер алған оларға әкімдік жыл басында «барлығы дайын, сәл қалды» деп көңілін көтеріп қойыпты. Бірақ сатып алу, сату шартын мамырда ғана жасасқан. Содан бері төрт айға жуық уақыт өтсе де, қоныс тойға жете алмай келеміз дейді олар.

Алмас Қалкеев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Кішкентай балам бар, әйелім декретте. Екі бөлмелі пәтер алдық деп қуанғанбыз. Бірақ кілтін қашан алатынымызды білмейміз. Алдымызда күз келе жатыр. Үйдің кілтін берген күннің өзінде, оның жағдайы қандай болады? Әлі абаттандырылмаған да. Соған қарамастан ипотеканың ақшасын төлей бастадық. Жалдап отырған пәтерімізге де тағы 150 мың төлейміз.

«Қоныстанып үлгермеген үйге ақша төлеп отырмыз» деген тұрғындар күте-күте әбден шаршаған. Әкімдіктегілер әне-міне деп, пәтер кілтін табыстауға асығар емес. Құрғақ уәдемен тойдырды дейді тұрғындар.

Гүлнар Баймағзұмова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Зейнеткер ретінде есепке тұрып, осы пәтерді алғанмын. Күйеуім де зейнеткер. Өздеріңіз көріп тұрсыздар. Үйдің айналсына жақындаудың өзі бір мұң. Жол жоқ. Тіпті үйіміз навигатордан да көрінбейді. Такси шақырсаң, таппайды. Ал біреуміреу ауырып жедел жәрдем шақырсақ, ол қалай келеді?

Дер кезінде қоданысқа берілмеген соң, тұрғындар іргедегі мектепке балаларын тіркеп те үлгермеген. Енді көшіп келе қалған күннің өзінде ұл-қызымызды қайда оқытамыз деп алаңдайды. Шыдамы шытынаған азаматтар үйдің ауласына түнеуге дейін бекініп отыр.

Гүлназ Асаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Біздің басқа амалымыз қалмады. Енді жаскәріміз жиналып шатыр құрып, от жағып, әкімдіктен адам күтеміз. Нақтырақ айтқанда, әкімнің орынбасарлары керек. Өйткені жарты жылдан бері қақпаған есігіміз қалмады. Таңғы сағат тоғыздан кешкі сағат беске дейін күтіп, талай кабинеттің есігін тоздырдық. Шыдамымыз таусылды.

Әкімдегілер: «Үйге газ да, су да, жарық та тартылған, бүгін-ертең кілті қолға тиюі керек», - дейді. Бірақ бұндай уәдені сан мәрте естіген тұрғындар сенбей отыр. Жолға қатысты да шенеуніктердің жауабы әзір болып шықты.

Әділет Әнуарбеков, Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

- Қазір біз тұрған аймақ біздің мекеменің қарауында. Және біз тек ауланың ішіне ғана жауап береміз. Ал оның айналасын асфальттау құзіретімізге кірмейді. Мен тек өз міндетіме кіретін іске жауап беремін. Тұтас үйге жауап бере алмаймын.

Осылай деген әкімдік өкілі үйді тұрғызған компанияның үстінен қарай аламыз, егер пәтерге қатысты қандай да бір шағымдарыңыз болса, шешіп беруге әзірміз деп сендіріп кетті. Енді уәде етілген кілт қолға тимесе, азаматтар айтқандай, шатыр құрып, от жағуға әзір.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.