50 жастағы азамат туған анасын аяусыз соққан
Алматыда туған анасын аяусыз соққыға жыққан 50 жастағы азаматқа соттың үкімі шықты. «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылып, бір жарым жылға сотталды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
18.08.2022
Мамыр айының басында өз анасын тұншықтырып, орындықпен ұрған қаскөйдің әрекеті жұртшылықтың жағасын ұстатқан. Қылмыс сәті сол маңдағы үйдің бақылау камерасына түсіп қалған. Ту сыртынан келіп буындырып, артынан жерге жығып бірнеше қайтара соққы жұмсайды. Полиция қаскөйдің алыстан келмегенін лезде анықтады. Сөйтсе, ішімдікке әуес азамат туған анасына осылай жұдырық ала жүгіріпті. Бүгінгі сотта да арақтың кесірі деп ақталуға тырысты.
Абай Жарылқасын, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:
- Сот оны 100 сағатқа мәжбүрлеп еңбекке тарту бойынша үкім шығарды. Сотта аталмыш азамат өз кінәсін мойындап, жасалған іс әрекетіне өкінді. Сот отырысында осы сотталған азаматтың шешесі соттан оны бас бостандығынан айырмауын сұраған болатын. Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!