Қымбат керосинді өтеу үшін авиабилет те қымбаттайды
Елімізде әуе қатынасы дағдарысқа түсетін түрі бар. Өйткені керосин бағасы аспандап барады. Ал елдегі үш мұнай өңдеу зауыты беретін жанармай бір айлық тұтынудың жартысын да жаппайды екен. Импортпен алынатын керосиннің тоннасы 800 мың теңгеден асып барады.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
18.08.2022
Ал керосинді тұтыну едәуір артқан. Өйткені соңғы кезде көрші елдердегі ахуалға байланысты Қазақстан арқылы қатынас ұлғайған. Елдегі мұнай өңдеу зауыттары сұранысты жаппайтын жағдайға түсті. Ресейден жеткізілетін жанармайдың құны аспандап кеткен. Соның салдарынан елдегі әуежайлар қолда бар керосиннің 10-15 күнге жетерлік қоры ғана қалды деп дабыл қағуда. Ендігі импорттан алатын қымбат керосинді өтеу үшін әуе билеттері міндетті түрде қымбаттайды деп отыр. Тіпті кей жерде көптеген халықаралық рейстерді қамтамасыз етуден бас тартуға да тура келуі мүмкін. Өйткені керосин жетіспей қалу қаупі бар.
Ерлан Болат "Сарыарқа" халықаралық әуежайының қаржы-экономика директоры:
- Бұның бәрі тұтынушыларымыздың қалтасына ауыртпалық түсіреді. Мейлі жолаушы болсын, мейлі жүк тасымалы компаниялары болсын. Баға өседі. Жанар-жағармай бағасын тұрақтандыруға жүйелі бағдарлама керек. Мемлекетіміз мұндай құбылысты болжау керек еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!