{metadescription}
Он қап қантты алдап тиеп әкеткен – Түркістан облысы
Он қап қантты алдап тиеп әкеткен – Түркістан облысы

Он қап қантты алдап тиеп әкеткен – Түркістан облысы

Қант үшін қылмысқа барды. Түркістан облысында дүкеннен жалған түбіртекпен шекер алып шыққан жігіт істі болып жатыр.

Ордабасы ауданының тұрғыны өз танысының дүкенінен 10 қап шекер алған. Қат боп тұрған қантты көлігіне тиеген соң, сатушы ретінде тұрған жас балаға жалған түбіртекті көрсетіп кетіп қалады. Ал алданып қалғанын кейінірек білген анасы дереу полицияға арызданып, дүкендегі бейнебақылау камерасы арқылы тапқан. Сөйтсе дүкеншінің танысы он қап қантты 186 мың теңгеге сатып үлгерген. Ол қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр.

Гүлнәр Әбдіжаппарова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы:

- 10 қап шекерді түгел сатып жіберіп, ақшасын бас пайдасына жаратқан. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 190-бабы, яғни алаяқтық бойынша сотқа дейін тергеліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайыы тергеуден анықталатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде