{metadescription}
Көкшетаулық дәрігерлер баланың бас сүйегіне кірген темірді зақымсыз алып шықты
Көкшетаулық дәрігерлер баланың бас сүйегіне кірген темірді зақымсыз алып шықты

Көкшетаулық дәрігерлер баланың бас сүйегіне кірген темірді зақымсыз алып шықты

Қақ маңдайдан қадалған. Көкшетаулық дәрігерлер Щучье қаласынан жеткізілген 10 жастағы баланың өмірін аман алып қалды. Футбол ойнап жүрген бала қоршаудың  шығып тұрған теміріне басымен соғылған.

Доп қуып жүріп қоршауға маңдайынан құлаған бала сол жерде ілініп тұрып қалған. Оны ажыратып алу үшін темірді кесуге тура келіпті. Металдың қалған бөлігі 10-12 см бас сүйегіне түйрелген  күйі  баланың  оң көзіне

тир-тимес тұрып қалған. Сол бойы жедел жәрдем оны Көкшетауға жеткізіпті. Бірден ота жасауға кіріскен нейрохиругтер миына, басқа да

Бағына қарай, кішкентай Абайға жасалған ота сәтті өтті. Дәрігерлер қақ маңдайға қадалған темірді алып шықты.Қазір ол жансақтау бөлімшесінде жатыр, есін жиды.» Өміріне төнген қауіп жоқ»,- дейді мамандар.

Нариман Сыздықов, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Ота да, балаға көрсетілген алғашқы медициналық көмек те аса жоғары кәсіби деңгейде өтті. Щучье қаласынан осындай жағдайда жеткізген жедел жәрдем мамандары да барлық сақтықты ұстанған. Ең бастысы – бас сүйегінен темірді алғанда баланың аса маңызды органдары, яғни ми қабатына, жүйке талшықтарына мүлдем зақым келген жоқ, көз ұяшығы да аман.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.