{metadescription}
Теміртау әкімі газы жарылған үйдің тұрғындарымен кездесті
Теміртау әкімі газы жарылған үйдің тұрғындарымен кездесті

Теміртау әкімі газы жарылған үйдің тұрғындарымен кездесті

Теміртауда мамандар газы жарылған көпқабатты үйді әлі зерттеп жатыр, қорытындысы келесі аптада шығады. Баспанасыз қалған тұрғындармен бүгін облыс әкімі Жеңіс Қасымбек кездесіп, сарапшылардың пікірін білді.

- Тұрғындарды үйіне көшіріп кіргізе аламыз ба?

- Тек осы подьезде. Ал үшінші деңгейдегі бірінші подьездің бір қабырғасын бекіту керек.

- Қалған екі поьезге кіруге болады ғой?

- Болады, қалған екеуі мен осы подьезге де болады. Тек бір қабырғасын бікітіп алайық.

Апат болған подьездің бұзылатыны анық. Орнына жаңасы салынады. Ал қалған екі подьездге зақым келмепті. Оған келесі аптада тұрғындардың кіруіне болады. Тек бірінші подьездегі бір қабырғаны бекіту керек екен.

Сарапшылар ол жұмыстың нақты қашан аяқталатынын айта алмады. Жеңіс Қасымбек тұрғындарды уақытша баспанамен қамтудың қаражатын әкімдік көтеретінін айтты.

16-тамызда Теміртаудағы осы үйдің үшінші қабатында газ жарылған. Төрт  пәтер қирап, 4 адам зардап шекті. Үйдегі 155 тұрғынның 125- і туыстары мен жалдамалы пәтерлерге кетті. 20 адам қаладағы политехникалық колледждің жатақханасына орналасқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде