{metadescription}
Көкүйде ірі қара қырыла бастады– Ақтөбе облысы
Көкүйде ірі қара қырыла бастады– Ақтөбе облысы

Көкүйде ірі қара қырыла бастады– Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында ірі қара белгісіз індеттен қырыла бастады. Сиырлары арам қатқан Көкүй ауылынан қазір ет, сүт өнімдерін шығару мен пайдалануға тыйым салынған.

Сараптама ірі қараның вирусты диареядан өлгенін растады. Бірақ малдың іші неліктен өткенін ветеринарлар әзірге білмейді. Айтуларынша, мұндай жағдай өңірде алғаш рет тіркеліп отыр. Дегенмен вирустың өте қауіпті екенін мойындайды. Сондықтан шектеу шаралары қолға алыныпты. Ауылдан мал атаулы шығарылмайды. Сырттан кіргізілмейді де. Сонымен қатар ет, сүт өнімдерін пайдалануға болмайды. Бұл шектеулер әзірге бір айға белгіленген. Осы уақыт ішінде ауылдағы барлық ірі қараға вакцина салынып, қора-қопсыны дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.

Иса Базаров, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқарамасы басшысының орынбасары:

Тексеру нәтижесінде вирусты диарея деген диагноз қойылды. Ифекциялық ауру, қызуы көтеріледі, асқазаны ауырады, диарея басталады. Инфекциялық аурудың таралу қаупі әрдайым бар. Бірақ бүгінде тыныш,ертең шектеу шараларын қолданғанннан кейін бұл ауру тоқтайды деп ойлаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде