Удай мас 17 жастағы тараздық бөтен көлікке мініп, ұстатпай қашқан
Ішімдікке сылқия тойған 17 жастағы Тараз тұрғыны полицейлерді әбден әуреге салды. Ол бөтеннің көлігін ұрлап мініп, тәртіп сақшыларына ұзақ уақыт бойы ұстатпай қашып жүрген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
19.08.2022
Ащы су сіміріп алған азамат Тараздан 200 шақырым жердегі Жаңатас қаласынан бір-ақ шығыпты. Оның машинамен ары-бері теңселген жүрісі полицейлердің күдігін туғызған соң, көлікті тоқтатуды бұйырған. Алайда ол алды-артына қарамай қаша жөнелген. Соңына түскен тәртіп сақшылары жарты сағат бойы қуалаумен ығыры шықты. Машина тек бетонға тірелгенде ғана тоқтаған. Күдікті жаяу жүріп шаршаған соң, біреудің көлігін мініп кеттім деп ақталып отыр. Ал көліктің иесі өзінің техникасының жоғалғанын білмейтін болып шықты. Тәртіп сақшылары оған қираған көлігін көрсеткенде аң-таң болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!