{metadescription}
Қылмыстық топ мүшелері ХҚКО қызметкерлері болып шықты
Қылмыстық топ мүшелері ХҚКО қызметкерлері болып шықты

Қылмыстық топ мүшелері ХҚКО қызметкерлері болып шықты

Ақтөбеде жүргізуші куәлігін заңсыз алуға көмектескен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты жаңа деректер жарияланды. Арнайы операция кезінде ұсталғандар емтиханнан кедергісіз өту үшін әр адамнан 200 мың теңге алып отырғаны анықталған.

Сынақ тапсыратын адамды арнайы құрылғылармен жабдықтап, дұрыс жауаптарын айтып отырыпты.

Қылмыстық топ мүшелерінің барлығы  халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері болып шықты. Олар ақша берген адамдардың тізімін жасап, емтиханға тексерусіз кіргізген. Емтихан тапсырушылар құлаққаптармен, микрофондармен , шағын камералармен жабдықталған. Топ мүшелерінің бірі жалдамалы пәтерде отырып оларға дұрыс жауапты айтып отырған. Жалдамалы пәтерді тінту кезінде полицейлер 6 миллион 690 мың теңге, 1800 АҚШ долларын тәркілеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде