{metadescription}
Алматыда ерлі-зайыптылар туған баласын 2 миллионға сатпақ болған
Алматыда ерлі-зайыптылар туған баласын 2 миллионға сатпақ болған

Алматыда ерлі-зайыптылар туған баласын 2 миллионға сатпақ болған

Алматыда ерлі-зайыптылар туған баласын сатпақ болған. Өмірге келгеніне алты-ақ күн толған сәбиді 2 миллион теңгеге өткізуге келісіпті.

24 жастағы келіншек пен онымен бірге тұратын 21 жастағы жігіті бұл қылмысты бала құрсақта жатқанда жоспарлаған. Алатын адамдар да табыла кеткен.

50-ді алқымдап қалған ерлі-зайыптылар өткен демалыста келуге келіскен. Тек сұрқия сауданың жолын полиция дер кезінде кесті. Алдымен шақалақтың биологиялық ата-анасын, одан соң сатып алмақ болған жұп пен арадағы делдалдардың қолына кісен салынды. Сондай-ақ ақшаға құжат дайындаймын  деп келіскен 56 жастағы әйел де ұсталған. Жалпы осы қылмысқа қатысы бар деген 7 адам қазір тергеліп жатыр. Тергеушілер тіпті бұл топтың бала саудасымен жүйелі түрде айналысуы мүмкін деп күдіктенеді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- ҚК 135-бабының екінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұстау кезінде делдалдардың қолынан тағы кішкентай екі нәресте шықты. Жобалап 7 айлық және 3 айлық, екеуі де қыз бала. «Өзімдікі» деп, сезіктінің бірі айтты. Бірақ бұны ресми түрде құжаттармен дәлелдеп бере алмады. Енді олардың осындай қанша қылмыс жасағанын енді анықтаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде