{metadescription}
СІМ Анель Бермағанбетованың Отанына оралуына көмектеседі
СІМ Анель Бермағанбетованың Отанына оралуына көмектеседі

СІМ Анель Бермағанбетованың Отанына оралуына көмектеседі

Лаостаға отандасымызға қауіп төніп тұрған жоқ. Сыртқы істер министрлігі Таиландқа жұмысқа кетіп, Лаоста құлдыққа түстім деген Анель Бермағанбетоваға қатысты осындай мәлімдеме жасады.

Яғни әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған бойжеткенді елге қайтару үшін қазір Лаостың ішкі және сыртқы істер министрліктерімен келіссөздер жүргізілуде. Анельдің өзі әлі де сол елдегі қонақ үйден шыға алмай отыр екен.

Анель Бермағанбетова:

- Мен қазір алтын үшбұрыштамын. Алғашында Таиландқа жұмыс істеуге шақырды. Яғни шетелдіктермен инвестиция тарту бойынша келіссөздер жүргізетін менеджер болуға. Чанграйға ұшып келгенімде алаяқтық жолмен Лаосқа алып бара жатқаны белгілі болды. Қазір өзім тап болған алтын үшбұрыш нағыз есірткі өндірумен танымал жер. Бұл Қытайға тиесілі. Сол себепті өздерінің заңы мен құқықтары бар. Мұнда келген адамдар оңайлықпен кері қайтпайды.

Төрт күннен бері бөлмені бекітіп алған бойжеткен арнамыздың тілшілерімен бүгін байланысқа шықты. «Мынау алғашында алдап әкеліп жайғастырған сегіз адамға арналған бөлме» - дейді. Анельдің елімізден әлеуметтік желі арқылы көмек сұрауына да осы көріністер мен жұмыс берушісі көрсеткен келісім шарты себеп. Анельдің айтуынша, бір жыл осында жатып жұмыс істеуге тиіс екен. Осылайша алаяқтардың құрығынан құтылудың  қамына кіріскен ол лезде көмек сұраған. Еліміздің ішкі істер министрлігі аталған дерекке қатысты «бостандығынан заңсыз айыру»  бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

- Отандасымыз дипломаттармен және туыстарымен үнемі байланыста. Оның айтуынша, құжаттары мен телефонына тиіспеген. Интернет байланысын шектемеген, сондайақ күш қолданбаған. Ол Таиландқа және одан әрі өз еркімен барған. Сондай-ақ, жұмыс берушілер оның ұшуына, тұруына және басқа да шығындарына жұмсаған қаражаты өтелсе, жіберуге дайын. Бұл мәселе Вьетнамдағы елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Сондай-ақ сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы елшілігі Анельдің үйіне оралуына көмектеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде