{metadescription}
Жетісайда 10 жыл бұрын берілген мектеп жарамсыз күйге түскен – Түркістан облысы
Жетісайда 10 жыл бұрын берілген мектеп жарамсыз күйге түскен – Түркістан облысы

Жетісайда 10 жыл бұрын берілген мектеп жарамсыз күйге түскен – Түркістан облысы

Түркістан облысы Жетісай ауданында осыдан 10 жыл бұрын ғана берілген мектеп енді жарамсыз күйге түскен. Биыл тіпті апатты деп танылыпты. Салынған соң жыл өтпей-ақ сызаттар пайда болған оқу ордасы қазір мүлдем қорқынышты күйде дейді ауылдықтар.

Білім ошағы апатты деп танылғанымен, жергілікті басшылар оны қайта жөндетпекші. Содан кейін оқушыларды қабылдаймыз деп отыр.

Жетіқазына ауылындағы Әбілхан Қастеев атындағы мектеп қолданысқа осыдан 10 жыл бұрын ғана берілген. 250 бала оқитын білім ошағы көп өтпей-ақ зілзаладан кейінгі кейіпке енгендей. Қабырғасы қақырап, едендері шұңқырға айналған. Қазір жұмысшылар қол сиятындай жарықтарды жамап жатыр. Оның өзінде ажыраған қабырғаны бітеу үшін цемент емес, көбік құйып жатыр.

Қауіп төнген соң, мұғалімдер мектептің бір жағын жауып тастап, екінші жағында оқытып келіпті. Биыл жаңбырдан соң шатырдан су кетіп, қабырғалары да көгеріп кеткен. Ал мектепті салған және қазір жөндеу жүргізіп жатқан компания бір екен. «Бұларды жыл сайын шақыртамыз» деген мектеп өкілдерінің құрылыс компаниясының жұмысына көңілі толмайды.

Молдатілеу Санаев, мектептің сантехнигі:

- Қабырғасы жарылып жатыр, сөгітіліп. Бір жерін жамасақ, екінші жері кетіп жатыр. Ол жерін жамасақ басқа жағы кетеді. Іргетасынан бастап шөгіп жатыр, жарты метрге отырды ғой. Ішінде жүрмін, қорқатындай болып отыр. Жалғыз мен қорықпаймын, балашаға бар ғой.

Мектептің бала өміріне қауіпті екенін ата-аналар о баста білгенбіз дейді. Өйткені оқу ордасының іргетасы қаланып жатқан кезде-ақ құрылыс дұрыс жүргізілмегенін байқапты.

Нұрқозы Мәмбетов, Жетіқазына ауылының тұрғыны:

- Шұңқыр қазғандаақ теміржолдағы щебен дей ме, басқа дей ме, топырақ попырағымен, бетон-сетонымен шұңқырға төкті. «Ей, жігіттер, мыналарың болмайды, арасының бәрі үңгір болады, ертең фильтрация болады, отырады» дедім. «Ей, ақсақал, қойсаңызшы, сіз білесіз бе, мен білемін бе?!» деді жоба сызып жатқан. Іргетасын құйып жатқанда да арасына арматураны аз салды. Салған жеріне салды, салмаған жері – қалды.

Мектеп қабырғасы жыл сайын үгітіле берген соң, ұстаздардың айтуымен тәуелсіз сараптама жүргізілген. Олар мектепте бала оқытуға қауіпті деген қорытынды шығарған. Бірақ  аудандық білім бөлімі мектепті салған мердігерге күрделі жөндеуді сеніп тапсырған.

Тұрсын Мырзалиев, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы:

- Техникалық қортынды алуға 2022 жылдың шілде айында берілген сараптамада қорытындыда оны апатты деп таныған екен. Алайда мердігер мекеме ол олқылықтардың орнын жойып, жөндеу жұмысын жүргізетінін мәлімдеп, жөндеу жұмыстарын қазір жүргізіп жатыр.

«Өзі салған мектепті мердігер өз қаражатына  жөндеп жатыр» - деп ақталады бөлім басшысы. Тіпті апатты жағдайдағы оқу ордасы осы аптада дайын болады екен. Бірақ зәресі ұшқан ата-ана мектепке жасалған жөндеудің сапасын құзырлы орындар тағы тексерсін деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде