{metadescription}
Коронавирус: Жұқтырғандардан жазылып шыққандар көп
Коронавирус: Жұқтырғандардан жазылып шыққандар көп

Коронавирус: Жұқтырғандардан жазылып шыққандар көп

Бір күнде вирусты жұқтырғандардан гөрі жазылып шыққандар көп. Елімізде өткен тәулікте 500-ге жуық отандасымыздың сынамасы оң нәтиже көрсетсе, 917 адам дерттен толық жазылған.

Антирейтингтің басында әлі Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы тұр. Елордада 95 адамның қанынан вирус анықталса, кеншілер өңірінде 83 отандасымыз кеселдің құрсауына түскен.

Алматы қаласы мен Ақмола, Қостанай облыстарында вирус жұқтырғандардың саны 50-дің төңірегінде. Өңірлердегі жағдай біршама тұрақтанғанымен, алты құрлыққа ауыз салған кеселмен алысып жатқандардың күйі көңіл көншітпейді. Мәселен, 21 мыңнан астам отандасымыз әлі күнге дейін вирустан ем қабылдауда. Оның 917-сі ауруханада жатыр. Алты науқастың жағдайы өте ауыр болса, тағы бес науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде