{metadescription}
Ұлытау облысында киік қырып келген қылмыстық топ құрықталды
Ұлытау облысында киік қырып келген қылмыстық топ құрықталды

Ұлытау облысында киік қырып келген қылмыстық топ құрықталды

Ұлытау облысында киік қырумен жүйелі түрде айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Олар атылған жануарлардың мүйізін сатуды  жолға қойыпты. Тінту барасында күдіктілерден Қызыл кітаптағы аңның 732 мүйізі табылды.

Қылмыстық топтың мүшелері кезекті саудаға шығып бара жатқанда ұсталған. Бұлар дайындаған 732 мүйіздің салмағы 150 келіден асады. Демек олар 366 жануардың көзін құртқан. Айтуларынша, елдің оңтүстік өңірінен келетін алыпсатарлар құнды тауардың бір келісін 100 мың теңгеден алады екен. Ары қарай Қытайға 3 тен 5 мың долларға дейінгі бағамен жөнелтетін көрінеді. Топтың үш мүшесі ғана құрықталды. Қалған үшеуі қарасын батырып үлгерген. Күдіктелер 3 тен 5 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Аслан Өскенбаев Қарағанды облысы ПД КПБ бастығының орынбасары:

Полиция қызметкерлерімен алты рет тінту жүргізіліп, қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталып, қалған үшеуіне іздеу жарияланды. Күдіктілерден таразы, пышақ суық қару, тіркелмеген қару және автомототехника тәркіленіп алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде