{metadescription}
Алматының екі ауруханасына жарылғыш зат қойылды – жалған ақпарат
Алматының екі ауруханасына жарылғыш зат қойылды – жалған ақпарат

Алматының екі ауруханасына жарылғыш зат қойылды – жалған ақпарат

«Алматының екі ауруханасына жарылғыш зат қойылған». Осындай хабарлама бүгін қаланың бүкіл жедел әрекет ету қызметін аяғынан тік тұрғызды. Науқастар мен қызметкерлер бірден эвакуацияланып, емдеу мекемесінің маңы көліктерден босатылды.

Ғимаратқа мина жасырынғаны жөніндегі хабарлама шаһардағы екі ірі медициналық мекеме: Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы мен №4 аурухананың электронды поштасына таңертенгі тоғыз шамасында келген. Оқиға орнына жеткен саперлар әр шаршы метрді тінтіді. Жедел бақылау орталығы бір сағаттан соң жарылғыш құрылғының табылмағанын айтып, ақпараттың жалған екенін жеткізді. Ауруханалар қалыпты жұмыс режиміне көшті. Қазір полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.

Фархат Ибрагимов, Алматы қаласы № 2 ауруханасының өкілі:

- Осындай жағдайға арналған схемаларымыз бар жұмыс істейтін. Сол схемамен азаматтарды қорғау штабы құрылды. Сағат 10:58-де штат тәртібіндегі жұмысқа кірдік. Ешқандай оқиға болған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде