{metadescription}
Тоқаев Ердоғанға 36 адам қаза тапқан жол апатына байланысты көңіл айтты
Тоқаев Ердоғанға 36 адам қаза тапқан жол апатына байланысты көңіл айтты

Тоқаев Ердоғанға 36 адам қаза тапқан жол апатына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы Мардин және Газиантеп провинцияларындағы бір күнде 36 адам қаза тапқан екі жантүршігер жол апатына байланысты көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Осындай қиын сәтте қайғықасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Марқұмдардың алла тағаланың шапағатына бөленуін, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін.

Еске салайық, Түркияда демалыс күні екі бірдей жол апаты болды. Мардин провинциясында тежегіші істен шыққан жүк көлігі тұрақта тұрған бірнеше темір тұлпарға соқтығысып, бір топ адамды басып кеткен. Жергілікті полицияның мәліметінше, 19 адам көз жұмса, 26-сы жарақат алған. 8 адамның жағдайы тым ауыр.

Дәл сол күні Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп провинциясындағы тас жолда аударылып жатқан көлікке дәрігерлер, өрт сөндірушілер және журналистар мінген темір тұлпарға жолаушылар автобусы соқтығысып, 2 дәрігер, 3 өрт сөндіруші,  тілші мен оператор және 8 жолаушы бақилық болды. Бір жолаушы  ауруханада жан тәсілім етті. Тағы 31 адам жараланған. Осы оқиғаларға қатысты Түркияның Ішкі істер министрлігі кешенді тексерісті бастады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде