{metadescription}
Дизель тапшылығынан көліктер жолда қаңтарылып тұр
Дизель тапшылығынан көліктер жолда қаңтарылып тұр

Дизель тапшылығынан көліктер жолда қаңтарылып тұр

Қазақстанда дизель тапшы. Жанармай жетіспеушілігінен жүк көліктері жолда бірнеше апта қаңтарылып тұр. Ал дизелі бар жанармай бекеттері бағаны көтеріп жіберген.

Оңғарбай, көлік жүргізушісі:

- Алдында 230 теңгеден еді, қазір 260. Бірақ ол да жоқ. Аралдан келе жатқан жігіттер де таба алмай келе жатырмыз деп жатыр. Жолда тоқтап тұр, Қызылорда да аз дейді. Солярка – лимит, әр жерде 50 литр, 100 литр дейді. Олар да таусылып қалып жатыр.

Мәселен, Шымкенттегі жанармай құю орындары түнгі 12-ден кейін ғана шектеумен беріп жатыр. Әр жүк көлігіне, ары кетсе, 200-300 литрден артық құймайды. Сондықтан Шымкенттің шыға берісіндегі жолдарда жүк көліктері кезек күтіп тұр. Тез бұзылатын тауарларын уайымдаған жүргізушілер түнде дизель үшін бір-бірімен жаға жыртысуға дейін барған.

Ал энергетика министрлігі Қазақстан бойынша сараланған бағаларды енгізгенін жариялады. Бұған дизельдің шетелдік жүргізушілерге көп кетіп жатқаны себеп. Көрші елдерде бұл отын түрі қымбат болған соң, шетел азаматтары Қазақстаннан көптеп алып, соның салдарынан өзімізде тапшылық сезілуде. Сондықтан енді шектеумен алатын отандастарымыз үшін өңіріне қарай дизель бағасы бұрынғыдай қалса, ал шетелдіктерге литрі 450 теңге болмақ.

Талғат Макуов, ҚР Энергетика министрлігі мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті басқармасының басшысы:

- ҚР берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 бағамен белгіленген. Ал ҚР көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк арнайы мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға белгіленген лимит 300 литр үшін тәулігіне, өңіріне қарай 230-260 теңге бағамен сатылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.