Антикор: Спорт басқармасы 369 миллион жымқырған
369 миллион теңге. Алматы қаласы Спорт басқармасының лауазымды қызметкерлері мемлекетке тиесілі осыншама ақшаны жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Антикордың мәліметінше, жалған келісімшартта қаражат спорттық жабдықтар, кубоктар мен сертификаттар алуға жұмсалды делінген.
Автор: Салтанат Шырынхан
23.08.2022
Алайда ақша Спорт басқармасындағылардың жақын туыстарына тиесілі компанияның есепшотына түсіп отырыпты.
Айбек Мұстафин, Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аға тергеушісі:
- Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеу және қаражатты ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы 369 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!