{metadescription}
Ақбөкендерге ақылы саятшылық басталуы мүмкін
Ақбөкендерге ақылы саятшылық басталуы мүмкін

Ақбөкендерге ақылы саятшылық басталуы мүмкін

Үкімет ақысына киік атуға рұқсат бермекші. 2023 жылы мораторий аяқталысымен, елімізде ақбөкендерге ақылы саятшылық басталуы мүмкін. Соңғы жылдары саны біршама артқан жануарлар мен шаруалардың ортасында қалған экология министрлігі қазанның аяғына дейін киік мәселесін біржақты етуді жоспарлап отыр.

Президенттің сынынан кейін министрліктің киік мәселесінде тасы өрге өрмелеп тұрған жоқ. Ведомство осыған дейін шаруалар, экологтар мен ғалымдарды жұмылдырса да, нақты шешімге келмепті. Қоғам белсенділерінен ақбөкендерді елдімекендерден алысқа қуу, қасқыр популяциясын көбейту, тарихи мекенін өзгерту сияқты түрлі ұсыныстар түскен. Алайда экология министрлігі бұлардың бірін де құп көрмей отыр. «Бірақ қазанға дейін нақты жобаны бекітеміз», - деп уәде етті бүгін министр Серікқали Бірекешев. Бір қызығы, шаруалардың шағымы да азайыпты. Батысқазақстандық фермерлер тарапынан тіпті мүлдем тоқтаған. Өйткені ақбөкендер басқа аймаққа көшіп кеткен. Сондықтан егістікті таптау сияқты проблема жоқ.

Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Біз қазір ғылым министрлігімен бірге белгілі бір жұмыс жүргізіп жатырмыз. Күзде анализ жүргізуге 500 киік тірідей ұсталады. Талдамалар алынып, кейін босатамыз. Қазір күн тәртібінде – келесі жылға спорттықәуесқойлық саятшылық ұйымдастыруды қарастыру.  Бұл ақылы аңшылық болады. Жалпы бұған дейін біз ақбөкеннің Қызыл кітапқа енгізілмегенін айтқан болатынбыз. Киік аулауға 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тыйым салынған. Бұл мәселе қазір қаралып жатыр. Қазан айының соңына дейін нақты бір шешімге келеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде