Ақтауда итбалық адамдарға шауып жатыр
Ақтауда итбалықтың адамдарға шабуылы жиілеген. Соңғы бір аптада су жануарынан бірнеше адам зардап шеккен. Оның екеуі – жасөспірім.
Автор: Руслан Әбдіхалық
23.08.2022
Екі жағдай қала іргесіндегі демалыс орындарының бірінде болған. Кәмелетке толмаған қыздар сол жерде шомылып жүріп итбалықты байқамаса керек. Күтпеген жерден су жануары екі қыздың біреуінің қолын, арқасын және иығын тістелеп тастаған.
Ал екінші дерек облыс орталығынан қашықтау жердегі жағажайда болды. Итбалық 26 жастағы жергілікті тұрғынға шабуыл жасаған. Зардап шегуші: «Су жануарын көрдім, бірақ өзіме атылады деп ойламадым», - дейді. Оның да денесі бірнеше жерінен таланған. Өзі әзер дегенде қашып құтылыпты.
Биыл жазда итбалықтардың теңіз жағасынан көрінуі жиілеген. Экологтар мақұлықтардың адамдарға жақындауын жақсылыққа жорып отыр. Дегенмен олардан сақтану керектігін қатаң ескертеді.
Кирилл Осин, «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ директоры:
- Итбалық өзінің жабайы әлемінде өмір сүріп жатқан жыртқыш екенін ұмытпауымыз қажет. Өміріңе қауіп төндіретін жағдай болмас үшін оны көргенде судан қашып шыққан дұрыс. 20-30 минут күтсеңіз, өзі-ақ кетіп қалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!