Қайрат Құдайбергеннің қамауда отыру мерзімі тағы ұзартылды
Алматы қаласы Мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергеннің қамауда отыру мерзімі тағы ұзартылды. Қаңтар оқиғасына байланысты қамалған кәсіпкер тергеу аяқталғанша, яғни 21-қазанға дейін уақытша ұстау изоляторында отырады.
Автор: Салтанат Шырынхан
24.08.2022
Оған қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевпен бірге қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деген айыптар тағылған. Сол кезде депутаттың «Дикий Арманмен» бірге әкімдік алдында жүрген видеосы да тараған. Тергеу мәліметінше, екеуі "Қазақстан" қонақүйінде бір топ адамды жинап билікке қарсы үндеген. Сол жиынның соңы бейберекетсіздікке ұласты. Осылайша қаңтар оқиғасынан кейін куәгер ретінде жауап беріп жүрген экс-депутаттың өзі күдіктіге айналып, 22-сәуір күні қолына кісен салынған болатын. Содан бері кәсіпкерге қатысты тергеу ісі әлі жалғасып жатыр.
Айта кетейік, бір апта бұрын «Дикий Арманның» да қамауда отыру уақыты 7-қазанға дейін ұзартылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!