{metadescription}
«Арселор Миттал Теміртау» экологтарға осымен үшінші рет есік ашпаған
«Арселор Миттал Теміртау» экологтарға осымен үшінші рет есік ашпаған

«Арселор Миттал Теміртау» экологтарға осымен үшінші рет есік ашпаған

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қаланы қара түтінге ораған металлургиялық комбинатқа мемлекеттік экологтарды кіргізбей отыр. Қоршаған ортаға келген шығынды есептеуге мүмкіндік бермегені үшін оларға айыппұл қарастырылған. Бірақ шетелдік компания бір жыл ішінде осымен үшінші рет құзырлы орган өкілдеріне есік ашпаған.

Осыған дейін екі рет мемлекеттік экология инспекторын табалдырығынан аттатпаған алпауыт 1 миллион 200 мың теңге айыппұл төлепті. Бұл жолы да солай істеген. Өйткені жыл басынан бері экологиялық талаптарды сақтамаған өндірістің  қоршаған ортаға келтірген шығын көлемі 4 жарым миллиард теңгені құрапты. Оның сыртында 348 миллион теңге айыппұл салынған. Сондықтан миллардтаған шығынға ұшырағанша, әкімшілік айыппұлмен құтылуды құп көргендей. Экологтар елде жұмыс істеп жатқан шетелдік компания мемлекеттік инспекторды кеудеден итеруі сол елдің заңын пысқырмауы дейді. Айтуыларынша, тексеріс қайткен күнде де жүреді, бірақ осындай әрекетпен компания уақыт ұту амалын жасап отыруы мүмкін.

Дархан Исжанов, Қарағанды облыы экология департаменті басшысының орынбасары:

- Тексеріске қарсы болу, болып жатқан заңбұзушылықтарға жол бермеу, заңбұзушылықты жою жағынан да, мысалы, бізге қарсылық білдіру сол мүмкін болып жатқан заңбұзушылықты жасыру. Бүкіл жерде шетелдік компаниялар жұмыс істейді, олар бірінші мүдделі болуы керек, кез келген халықтың ұлттық заңдылықтарын сақтауға. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде