{metadescription}
Жаңа кезең: Қазақстан мен Әзірбайжанның көлік-транзит әлеуеті артады
Жаңа кезең: Қазақстан мен Әзірбайжанның көлік-транзит әлеуеті артады

Жаңа кезең: Қазақстан мен Әзірбайжанның көлік-транзит әлеуеті артады

Қазақстан мен Әзірбайжанның көлік-транзиттік әлеуеті артады. Сарапшылар екі ел басшыларының кездесуінен кейін экономикалық байланыстың жаңа кезеңі басталды деп отыр. Енді бауырлас мемлекетпен арадағы тауар тасымалдау жанданып, экспорт көлемі ұлғайтылмақ.

Соңғы алты айдың өзінде Әзірбайжанмен сауда айналымы 332 миллион АҚШ долларынан асып жығылған. Бұл көрсеткіш алдағы бес жылда 1 миллиард долларға жетуге тиіс дейді сарапшылар.

Олжас Бейсенбай, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы:

- Жаңа шешімдер саясиэкономикалық жағынан бізге тиімді. Транскаспийлік бағыт Каспий теңізі арқылы өтетін бағыттың маңызы бірнеше есе артады деп ойлаймын. Бүгін екі президент арасында кездесулер болып жатса, ертең іскерлік топтар арасында нақты келісімшарттар болады. Экономикалық түсімді көбейтуге нақты мүмкіндіктер береді. Оған саяси шешімдер деңгейінде және нақты инфрақұрылым жобалар деңгейінде мүмкіндіктер ашылса, оның потенциалы жоғары болады деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде