ШҚО: «АртСпорт» бағдарламасындағы былықтар
Шығыс Қазақстан облысында «АртСпорт» бағдарламасын жүзеге асыруда заңбұзушылықтарға жол берілген. Қатысқан балалар саны артығымен жазылып, бапкерлерге төленген жалақы табельде көрсетілген сомадан екі есе аз болғаны анықталды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
24.08.2022
Жеткіншектер шынығатын және өнерге баулитын нысандар да талапқа сай емес. Залдардың дұрыс жабдықталмағаны өз алдына, жаттығатын орындар жертөлелер, дүкен мен пәтерлердің ішінде орналасқан. Өңірде бағдарлама шеңберінде 12 мыңнан астам баланы қамтыған 57 секция мен үйірме жұмыс істеген. «АртСпорт» бағдарламасына мамыр айынан бері облыс бюджетінен 1 жарым миллиард теңге бөлінген. Аrtsport.edu.kz платформасының жұмысы жетік болмаған соң, қызмет ұсынатын компаниялар бұл бағдарламаны май-шелпекке айналдырған. Яғни алаяқтық жолмен атқарылмаған жұмыстарға бюджет қаржысын емін–еркін қымқырып отырған.
Дамир Бектұрғанов, ШҚО Прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау басқармасының прокуроры:
- Сабаққа қатыспаған балаларға ақы төлеу, жаттықтырушыларға екі рет ақы төлеу, сабақтарды өткізбеу сияқты бұзушылықтар анықталды. Қазірдің өзіндіз сегіз миллион теңгеге жуық шығын көлемін анықтадық. Бұл бойынша процессуалдық шешім қабылдануда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!