{metadescription}
Көрер жарығы бар: Полицейлер дәретханадан нәрестені алып шықты
Көрер жарығы бар: Полицейлер дәретханадан нәрестені алып шықты

Көрер жарығы бар: Полицейлер дәретханадан нәрестені алып шықты

Көрер жарығы бар! Алматылық полицейлер жаңа туған нәрестені дәретханада жатқан жерінен құтқарып қалды. Анасы кәмелетке толмаған қыз екен. Ауруханаға жеткізілгенде түсік тастағанын айтқанымен, шақалақты тірідей дәретханаға қалдырғанын жасырып қалған. Бір шикілікті сезген сақшылар дереу үйіне барып, жаға ұстатар жағдайдың куәсі болды.

Учаскелік инспектор Нұржан Шатуновтың дәретхана есігін ашқанда жүрегі зырқ еткен. Тақтайы қанға толы. Жарықпен әрі үңілгенде кіндігі кесілмеген шақалақты көреді. Оқиға орнына жеткен әріптестері дәреу еденді бұзып, ішіне түскен.

Әр секунд санаулы. Қызметтік көйлекке сәбиді ораған полицей сырттағы әріптесіне қолын созды. Кенет бағанадан үнсіз жатқан сәбидің іңгәсі естілді.

Дүние есігін енді ашқан шақалақтың тірі екенін көргенде, полицейлердің қуаныштан жүрегі жарыла жаздады. Нәресте дереу ауруханаға жеткізілген.

Сөйтсе анасының өзі 17-ге енді толған жасөспірім екен. Жүкті екенін жасырған. Өйткені ата-анасы білмедік деп отыр. Бұл оқиғаға қатысты тергеу басталып кетті. Қаланың денсаулық сақтау басқармасы жүктіліктің 22-ші аптасында түсік тастағанын айтады.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы:

- Науқас №4 қалалық аурухананың гинекология бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта жағдайы орташа қалыпты. Ал сәби Балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығына бүгін сағат 06:53 те жеткізілді. Жансақтау бөлімінде жатыр. Тоңып қалғандықтан жағдайы өте ауыр.

Шыр етіп дүние есігін ашқан алғашқы секундынан-ақ қиындыққа тап болған сәбидің өмірі үшін күрес жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде