Жібек жолы мен Лесхоз тұрғындары мектеп салып беруді талап етеді – Ақтөбе
Ақтөбе шетіндегі қос ауылдың тұрғындары жаңа мектеп салып беруді талап етіп отыр. Жеті мың тұрғыны бар Жібек жолы елдімекеннің шетіне салынған білім ошағына қатынау қиын әрі оқушылар сыймайды деп налиды ата-аналар.
Автор: Жаңалық Ахаш
25.08.2022
Нағашыбай Дүйсеков, Жібек жолы ауылының тұрғыны:
- Мына жерде мектеп болу керек қой. Біз әкімнің өз аузынан шықпаса, айтпаймыз ғой. Балалар қалаға тасиды. Мына жақта көктемнен, қыстан бастап балшықпен жүре алмайды. 61-ге алып барғанда Заречныйдың ана басына, Хромтауға жақындап салып тастаған. Мына жаққа салмайды.
Жібек жолы мен Лесхоз ауылы оқушыларының тең жартысы Ақтөбенің орталығындағы мектептерге қатынап оқиды. Облысты соңғы он жылда басқарған үш әкімге бірнеше рет өтініш айтып уәделесін де алыпты. Бірақ оның бәрі құр сөз болып қалды деп күйінеді тұрғындар. Ең болмағанда, биыл білім ошағының іргетасын құйып қойса деп отыр. Өйткені қос ауылда жер учаскелерінің бәрін жекеге үлестіріп жатыр. Ертеңгі күні мектеп салатын орын қалмайды деп те қорқады. Ал шенеуніктер үш жылсыз бала оқытатын ғимарат салынбайды деп отыр.
Бағұзақ Дарин, Алматы ауданы әкімінің міндетін атқарушы:
- Заречный-3-тің осы төменгі жағында мектеп орта мектеп құрылысы 25-ші жылдан кейін салынатын болып жоспарлануда. Оған әлі жобасмета құжаттамалар әзірленген жоқ. Жер олардың жері дайын. Ешқандай берілген жоқ. Жаңағы мектеп салар кезде ол сол жер учаскесіне салынады деп сендіріп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!