{metadescription}
Теңіз кен орнында жұмысшы қаза тапты – мән-жайды ашып айтпай отыр
Теңіз кен орнында жұмысшы қаза тапты – мән-жайды ашып айтпай отыр

Теңіз кен орнында жұмысшы қаза тапты – мән-жайды ашып айтпай отыр

Теңіз кен орнында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы жағдай Өркен ауылында болған. Құбырларды қысыммен тексеруден кейін 51 жастағы ер адамның денесін құрылыс алаңынан тапқан. Әзірге құзырлы орган толық мән-жайды ашып айтпай отыр.

Бір белгілісі, марқұм Атырау қаласының тұрғыны. «Қазтурборемонт» мердігер фирмасының қызметкері болған. Ал бұл мекеме «Теңізшевройл» компаниясының серіктесі. Қазір оқиға орнында тергеу амалы жалғасып жатыр. Қандай жағдайда жазым болғаны әзірге жұмбақ. Облыстық полиция департаменті оқиғаның жай-жапсарын алдағы уақытта айтамыз дейді. Ал жұмыс беруші фирма қаза тапқан азаматтың отбасына материалдық көмек көрсетеміз деген уәдесін берді. Бірақ жәрдемақының мөлшерін нақтыламады. Марқұмның мәйіті үйіне жеткізілген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.