Министрлік: Көмір бағасының көтерілмеуін қатаң бақылауда ұстаймыз
Тықыр таянғанда қозғалады. Қыс жақындағанда тұрғындар көмір іздейді, соны пайдаланған тасушылар ойына келген бағаны қояды деп шенеуніктер жазғырып отыр.
Автор: Әзиза Төленби
25.08.2022
Дегенмен индустрия министрлігі көмір бағасының көтерілмеуін қатаң бақылауда ұстаймыз деп уәде берді. Көмір таситын және сататындардың жергілікті әкімдікпен келісім-шарты болуы тиіс. Ал ол шектік бағадан аспауы керек. Алайда сатушылардың барлығы жеке кәсіпкерлер болғаннан кейін оларға ешкімнің сөзі өтпейді дейді министрліктегілер. Жоспар бойынша биыл жылыту маусымында Қазақстандықтарға 10 миллион тоннаға жуық көмір қажет. Елімізді отынның осы түрімен қамтамасыз етіп отырған Шұбаркөл, Қаражыра, Майкөбен кен орындары.
Ілияс Оспанов, ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы:
- Қымбатшылыққа жол бермеудің жалғыз жолы, қыс шанаңызды жазда сайлаңыз. Біздің елде бәрі тақалғанда жүгіреді. Мысалы, көліктің жаздық дөңгелегін қыста ауыстырамыз ғой. Сол кезде барлық шиномонтаждар бос болмай, тығылып қаламыз. Қазір көмір алу нүктелері дәлі солай бітеліп тұр. Сондықтан айтарым, көмірді ертерек сатып алыңыздар. Әрине, біздің министрлік жекеменшік иелерінің бағамен ойнауына жол бермейді. Алайда біз ішкі сауда-саттықты бақылай алмаймыз. Сондықтан ертерек қамданған жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!