{metadescription}
Өскемен: Жер үйде қос бірдей газ баллоны жарылды
Өскемен: Жер үйде қос бірдей газ баллоны жарылды

Өскемен: Жер үйде қос бірдей газ баллоны жарылды

Өскеменде жер үйлердің бірінде қос бірдей газ баллоны жарылды. Таңғы тоғыздағы төтенше жағдай саяжай тұрғындарының үрейін ұшырды.

Күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген 27 литрлік пропан толы баллонның аузы дұрыс бекітілмей қалыпты. Ал одан шыққан газ үйдің ішіне лезде тараған. Бөлме іші газға толған кезде жарылып, соңы өртке ұласқан. Бұл кезде үй иелері далада жүрген. Сондықтан ешкім зардап шекпеген. Олар өрт сөндірушілер келгенше жалынды сөндіруге тырысқанымен, оттың ортасында қалған екінші газ баллоны да атылған.

Марина Лискова ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

Өрт сөндірушілер келген сәтте үйдің шатыры жанып жатқан. Екі газ баллонның жарылуы өртің тез таралуына әкеп соқты. Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыды. Дегенмен тілсіз жауды өзге тұрғын үйлерге жібермей, дер кезінде ауыздықтадық. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде