{metadescription}
15 жасар оқушы күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызған
15 жасар оқушы күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызған

15 жасар оқушы күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызған

Ақмола облысы соты мен жергілікті ақпарат порталының редакциясына бомба қойылды деп, Көкшетау қаласының күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызған 15 жасар оқушы боп шықты. Өзі Батыс Қазақстанда тұрады екен. Ол маусым айында жалған хабарламаны қызметкерлердің электронды поштасына жіберген болатын.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері хабарлама авторын екі айға жуық іздеді. Сөйтсе «бомба қойылды»деген жалған хабар алыстан келіпті. Батыс Қазақстан облысындағы елдімекендердің бірінде 8-сыныпта оқитын жасөспірім екен. Ол компьютерден сот хатшысының және газет редакторының электронды поштасына  бір уақытта екі хабарлама жіберген. Ақпарат жетісімен құтқарушылар мен сапёрлер, кинологтар екіге бөлініп бомбыны іздеуге кірісіпті. Сот процесі тоқтап, қызметкерлер тегіс сыртқа шығарылған. Сөйтіп екі сағат әбігерге түсіп, екі ғимаратты тінтіп шыққан күштік құрылымдағылар ешқандай жарылғыш зат таппаған. Кәмелетке толмаған баланың алдымен компьютері тәркіленген. Өзі қазір тергеуге алынған. Ол Ақтөбе қаласындағы бірнеше мекемеге  де осы тектес хабарлама жіберіп жұртты дүрліктірген.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қазір құқық қорғау органдары «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл бапқа сәйкес, 14 жастан бастап қылмыстық жаза қарастырылған, яғни жалған хабарлама авторы 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Полиция қазір оның бұл әрекетке не үшін, қандай жағдайда барғанын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде