{metadescription}
Кәрім Мәсімов, үш орынбасары, екі лауазымды тұлғаға қатысты тергеу аяқталды
Кәрім Мәсімов, үш орынбасары, екі лауазымды тұлғаға қатысты тергеу аяқталды

Кәрім Мәсімов, үш орынбасары, екі лауазымды тұлғаға қатысты тергеу аяқталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы үш орынбасарына және тағы екі лауазымды тұлғаға қатысты тергеу аяқталды. Алты адамға тағылған айыптар әртүрлі.

Мәсімов пен оның орынбасары болған Әнуар Сәдіқұловқа Қылмыстық кодекстің 175, 179, 362 - баптарының бірнеше тармағы бойынша айып тағылған. Нақтырақ айтсақ, «мемлекетке опасыздық жасау», «билікті күшпен басып алу», «лауазымын асыра пайдалану».

Тағы бір экс-орынбасар Дәулет Ерғожин сотта осы баптардың соңғы екеуі бойынша жауап беретін болады. Ал үшінші орынбасар Марат Осипов тек «лауазым өкілетін асыра пайданалу» бабы бойынша тергелген.

Одан басқа тағы екі лауазымды тұлға Акипов пен Бекмұрат Дәулет Ерғожинге тағылған айып бойынша істі болған.

Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов Қаңтар оқиғасынан кейін "мемлекетке опасыздық жасады" деген күдікпен қамауға алынған. Көп ұзамай оның үш орынбасары да тұтқындалып, іс өте құпия деген санатта тергелді. Сот қазан айының соңына қарай басталуы мүмкін.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі:

- Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Сәдіқұловқа ү.ж. 6 қазанға дейін, Ерғожинге ү.ж. 13 қазанға және Өсіповке ү.ж. 22 қазанға дейін ұзартылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.