Шымкентте жас келіншек жол апатынан көз жұмып, үш баласы жараланды
Шымкентте жол апаты жас келіншектің өмірін жалмады. Оның үш баласы оңбай жараланған. Үшеуі де ауруханаға жеткізілді.
Автор: Бек Әбиев
26.08.2022
Оқыс оқиға түн ортасында болды. Екі жеңіл көлік бетпе бет соғылған. Қатты соққыдан біреуі тіпті 400 метр жерге дейін ұшып кеткен. Бірақ ішіндегі екі жігіт дін-аман. Тек жеңіл жарақат алыпты. Екінші көліктің тізгініндегі жігіттің де жарақаты ауыр емес. Тек қасындағы 27 жастағы келіншегі сол жерде жан тапсырды. Арт жақтағы үш баласы да ауыр жараланған. 5 және 3 жасар ұлдар мен бір жарым жасар бүлдіршін ауруханада жатыр. Дәрігерлер әсіресе кенже қыздың жағдайы өте ауыр дейді.
Ержан Байдуллаев, Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Түрлі бас, ми жарақатымен, басқа да дене жарақаттарымен келген. Кішісіне ота жасалынды. Іш құрылысына қан кету белгілерімен хирургтармен жедел түрде қазіргі таңда үш науқасымызда жансақтау бөлімшесінде жатыр. Кішісінің жағдайы өте ауыр. Өкпенің жасанды желдендіру апаратында, әлі өзінде емес есі. Сол кома жағдайында жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!