{metadescription}
Жамбыл облысында болған жарылыста қаза тапқандар ұлықталды
Жамбыл облысында болған жарылыста қаза тапқандар ұлықталды

Жамбыл облысында болған жарылыста қаза тапқандар ұлықталды

Бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылысқа жыл толды. 17 адамның өмірін жалмаған сұмдық жағдай көптің есінен шыға қойған жоқ. Бүгін сол оқыс оқиға кезінде ерлікпен опат болғандарды еске алу жиыны өтіп, марқұмдардың есімдері ұлықталды.

Оларға қандай құрмет көрсетілді?

Бейбіт күнде қаза болған жандарды еске алу шарасы бірнеше жерде ұйымдастырылған. Ең ауқымдысы жарылыс болған әскери қоймада өтті. Мұнда марқұм болған әскерилер мен төтеншеліктерге мемориал тұрғызылған. Бұған дейін тірі пенде кіргізілмейтін аумақтың қақпасы бүгін айқара ашық.

Еске алу жиынына жаралыстан ажал құшқандардың туыстары мен әріптестері жиналды. Кезек-кезек сөз алып, марқұмдар туралы естеліктер айтты. Көбісі көз жасына ерік берді. Ол түсінкті де. Өйткені бұл қимастық сезімі.

Қаза тапқандардың бәрі мемлекеттік наградаға ұсынылғанын айта кетейік. Президент Жарлығымен құтқарушы Мейіржан Аймановқа «Халық Қаһарманы» атағы берілсе, 16 адам І және ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған еді.

Мемориалға 17 адамның есімі қашап жазылған. Оның 7 әскерилер болса, 10 төтенше жағдайлар қызметкерлері. Бұл тізім тағы бір адаммен толығуы мүмкін. Ол жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен Бауыржан Дәуітбаев. Кіші сержанттың жақын-жуығы одан үміт үзген жоқ, бірақ амалсыз сотқа шағым түсіріпті. Соның негізінде судья ол өлді деген шешім шығарса, Дәуітбаевтың жақындарына матералдық көмек қаржы беріледі.

Талғат Дәуітбаев, Б.Дәуітбаевтың әкесі:

- Ол әлі табылмады. Бір жыл болды. Аяғымнан таусылдым. Осы жерге келе беріп. Кімге барарымды да білмеймін. Кімге жалынатынымды да білмеймін. Тауып берсін.

Еске салсақ, бір жыл бұрын Байзақ ауданындағы оқ-дәрі сақтау қоймасында жойқын жарылыстар болған еді. Қайғылы жағдайдан 17 адамның өмірі қиылды. Оқыс оқиғаның себебі әлі айтылмады. Бірақ бұл іс бойынша 6 адам түрлі баппен тергеліп жатыр. Оның төртеуі әскери қызметкерлер. Арасында сол кезде бөлім командирінің уақытша міндетін атқарған Аслан Бақытжанов та бар. Ал қалған екеуі жас жауынгер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде