{metadescription}
Алғашқы қоңырауға қандай арзан гүл шоғын алуға болады?
Алғашқы қоңырауға қандай арзан гүл шоғын алуға болады?

Алғашқы қоңырауға қандай арзан гүл шоғын алуға болады?

Биыл білім күніне орай һткізілген салтанатты жиында мектеп айналасын шармен безендіріп, оқушыларға көгершін ұшыруға болмайды.

Қоршаған ортаны осылай қорғауды жөн санаған оқу-ағарт министрлігі тағы бірнеше ережені ұсынып отыр. Яғни білім күнінде аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді шақырып, мерекелік дастархан жаюға да тыйым салуда. Тек ұстаздарға гүл сыйлауға ғана рұқсат бар. Бірінші қыркүйек қарсаңында сол гүлшоқтары қанша тұрмақ?

Еліміздегі апатты күйдегі мектептерді ескермесек, қалған білім ошақтарында алғашқы қоңырауға қызу дайындық жүріп жатыр. Алайда оқу-ағарту министрлігінің ережесіне сәйкес, қызылды-жасылды шармен безендіріп, көгершін ұшыруға рұқсат жоқ.

Гүлмира Жомартпай, Түркісіб ауданы білім бөлімінің басшысы:

Безендірусіз өтпейді. Себебі, мектептің оқушылардың, мұғалімдерінің күшімен безендіріледі. Ол сатып алатын дүниені алмайды. Шар сатып алу керек болса, ол шардың керегі де жоқ. Шар экологияны, ауаны ластайды. Онсыз да әдеміәдемі безендіру, қолдан қағаздан жасалған гүлдермен баннерлер де бар.

Биыл да әдеттегідей ұстаздарға тек гүл сыйлауға рұқсат берілген. Бұл жаңалық флористерді  қуантып отыр. Өйткені оқушылардың пандемия кезінде онлайн оқығаны гүл саудасына да кері әсерін тигізсе керек.

Маржан Қабдолданова, гүл дүкенінің иесі:

- Астра деген букеттеріміз бар. Өте жақсы өтеді. Өйткені букет үлкен болады. Әдемі болады. Маусымға да сай. Ол тек қана жазда, күзде гүлдейтін гүл. Бағасын қымбаттатпаймыз. Керісінше, атааналарға қолжетімді бағамен гүл сатуға тырысамыз. Мысалы, көпбалалы аналар болады. Олар кішкене арзанырағын іздейді. Өйткені 3-4 баласы мектепке барады. Кішкене қолжетімді болсын деп.

Әсіресе бірінші қыркүйек күні жасалған дайын гүл шоқтарын ата-аналар көптеп алады екен. Оның бағасы 4 мың мен 20 мың теңгенің аралығында. Ал раушан гүлдерінің түр-түсіне орай бір данасы 250 теңгеден басталып, 1200 теңгеге дейін жалғасады. Саудагерлер білім күні қарсаңында өзімізде өсірілген раушандарға жеңілдіктер де жасайтынын айтып отыр.

Сондай-ақ ережеде алғашқы қоңырауға аниматорларды, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды шақыруға, дастархан жаюға болмайтыны көрсетілген.

Биыл елімізде 3 жарым миллионнан астам бала мектепке барады. Соның ішінде 400 мыңға жуығы мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 1 сынып оқушылары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде